Жергілікті атқарушы органдар мен барлық мүдделі коммуналдық қызметтер су тасқынына қарсы барлық қажетті шараларды жүзеге асырып жатыр.
Қостанай облысының аумағында Қостанай, Қарасу, Федоров, Б.Майлин аудандары мен Қостанай қаласында 275 үй су астында қалды.
Қаратомар, Верхний-Тобольск, Желқуар су қоймалары бақылауда. Бүгінгі күні Каратомар су қоймасынан судың ағуы 2900 м3 / с дейін төмендеді (бұрын 3000 м3/с болған), сонымен қатар ағынның 2625 м3/с дейін төмендеуі байқалады (алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 2800 м3/с).
Тобыл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі және елді мекендерді су басу қаупіне байланысты өткен демалыс күндері бар күш Қостанай қаласы мен Қостанай ауданына жұмылдырылды.
Осы ретте, еріген суды бұру үшін траншеяларды дайындау, инертті материалдар салынған қаптарды төсеу, суды сору, жағалауларды нығайту сияқты және т.б. шаралар кешені жүзеге асырылды.
Өзеннің тасқыны салдарынан «Апельсин» СОО су астында қалды, әкімшілікке алдын ала ескеру жасалып, барлық материалдық құнды тауарлар көшірілді
Облыс бойынша ТЖМ, ІІМ, ЖАО, Қорғаныс министрлігі және басқа да ұйым қызметкерлерінен барлығы 2709 адам, 443 техника, 144 мотопомпа, 29 жүзу техникасы және 3 әуе техникасы жұмылдырылды.
Су тасқыны кезеңінде шамамен 774 822 мың м3 еріген қар суы сорылып, 74 299 мыңнан астам қап және 7265 тонна инертті материал төселді.
8878 адам, оның ішінде 11 мүмкіндігі шектеулі адам және 1765 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 464 адам, оның ішінде 123 бала уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды.
7 өңір - Федоров, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Әулиекөл, Б.Майлин, Қостанай аудандарында еріген қар суын сору, қап төсеу жұмыстары жалғасуда.
Атқарылған жұмыстар мен іс-шаралар нәтижесінде Б.Майлин ауданының тұрғындары үйлеріне қайта оралды.
Облыста 135 эвакуациялық пункт бар, олар су тасқынынан зардап шеккендерді уақытша баспанамен, тамақпен, медициналық көмекпен және қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етеді.
Еріктілер мен бей-жай қарамайтын азаматтар су тасқынына қарсы күресте тәулік бойы жұмыс істеп, айтарлықтай көмек көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, волонтерлер коммуналдық қызмет, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының кезекші қызметкерлерін ыстық тамақ пен шаймен қамтамасыз етуде.
Су тасқыны жағдайына мониторинг жасау жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай бақылауда.