Облыс әкімі Қ. Ақсақалов Жангелдин ауданына жұмыс сапарымен барды

Облыс әкімі Қ. Ақсақалов Жангелдин ауданына жұмыс сапарымен барды

Облыс басшысы ауданның бірқатар әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысты. "Балдырған" балабақшасының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Жөндеу жұмыстары 3,5 айға созылды, жобаны іске асыру мерзімі ағымдағы жылдың қазан айы ("Алюминстрой" ЖШС, жобаның жалпы құны 331,3 млн.теңге).
"Dream and Study" білім беру орталығы келесі пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізеді: математика, орыс және ағылшын тілдері, сондай-ақ бастауыш мектепке дайындықты қолға алған. Оқу үдерісі апта бойы кесте бойынша өтеді, оны 5 оқытушы өткізеді. Бүгінде орталыққа 51 бала келеді, толымдылықты 82 балаға дейін ұлғайту жоспарлануда.
"Dream and Study"оқу орталығының миссиясы мектепке дайындық, баланың ой-өрісі мен мүдделерін кеңейту, сондай-ақ балаларға қойылған мақсаттарға жетуге көмектесу болып табылады.
Жангелдин ауданында бұрынғы балабақша ғимараты, Торғай ауылында орналасқан 16 пәтерлі тұрғын үй қайта жаңартылуда. Жобаның жалпы құны 345,0 млн. теңгені құрайды. Үйдің жалпы ауданы 1,2 мың шаршы метрді құрайды. Барлығы 16 пәтер іске қосылады, оның ішінде 4 – бір бөлмелі, 8 – екі бөлмелі, 4 – үш бөлмелі пәтер.
Бүгінгі таңда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, қабырғаларды тегістеу, санитарлық тораптардың қабырғаларына плиталар жапсыру, жылыту монтажы жүргізілуде.
Үйді пайдалануға беру нәтижесінде бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ медицина қызметкерлері пәтерлермен қамтамасыз етіледі.
Жұмыс сапары барысында Қ. Ақсақалов Жангелдин ауданының тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.