Амангелді ауданына қарасты Қарасу ауылында таза ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылуда. Жоба жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Нәтижесінде 700-ге жуық жан таза сумен қамтылмақ.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, біз 2025 жылға дейін ауыл-аймақтарды 100% сумен қамтамасыз етіледі. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Амангелді ауданында ауыз су мәселесін шешу, электр желісін жаңарту, әлеуметтік маңызды нысандарды қалпына келтіру іспетті жұмыстар жүргізілуде. Яғни, мемлекет өз міндеттерін барынша орындауға тырысып жатыр.
Ауданның, сондай-ақ ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің әлеуеті жоғары бола тұра,инвестициялық жобалар әлсіз жүргізілуде. Биыл бас-аяғы 3 жоба ғана жүзеге асырылыпты. Облысымыздың тек оңтүстік өңірлеріне ғана 1% үстемемен несие беріледі. АШТӨ осы мүмкіндікті барынша пайдалануы керек деп атап өтті облыс әкімі.