Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақаловтың Сарыкөл ауданының тұрғындарымен кездесуі өтті

Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақаловтың Сарыкөл ауданының тұрғындарымен кездесуі өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығын орындау аясында Қостанай облысының әкімі Қ.Ақсақаловтың Сарыкөл ауданының тұрғындарымен кездесуі өтті.
Тұрғындармен кездесуде абаттандыру, жылу және сумен жабдықтау, жол құрылысы, жемшөп дайындау және т.б. маңызды мәселелер талқыланды.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында үш жыл ішінде АӨК-дегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70% - ға дейін арттыру міндетін қойғаны бғлгілі. Қазіргі уақытта Сарыкөл ауданында АӨК саласында 2026 жылға дейін 156 жаңа жұмыс орнымен қамтылған 14 млрд теңгеден астам сомаға 25 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде 1,5 млрд теңгеге 9 инвестициялық жоба биыл аяқталады.
Осы жылдың көктемінде Сарыкөл ауданының тұрғындарымен кездесуде әкім жергілікті АШТӨ өз қызметкерлері үшін үйлер салу және жас кадрларды тарту туралы мәселені көтерген болатын.
Қазіргі уақытта ауданда қажетті мамандарды даярлау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, ауылдық елді мекендерде жергілікті АШТӨ қаражаты есебінен тұрғын үй салу және сатып алу бойынша жұмыстар да қарқынды қолға алынған. Мысалы, Сорочинка ауылында жыл соңына дейін екінші тұрғын үй құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, жоспарда тағы 20 қоспәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған. Маяк ауылында 4 үй сатып алынды. Сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлер өз мамандары үшін Веселый Подоль, Златоуст және Крыловка ауылдарындағы үйлерді сатып алуды жоспарлап отыр.
Халықпен кездесуде облыс әкімі мемлекеттің қолдауына ие әрбір кәсіпкердің халық алдында өзінің әлеуметтік жауапкершілігін барынша сезінуі тиіс екенін еске салды.
"Мемлекетпен бірге ауылдарды ретке келтіруге күш жұмылдыру керек. Біз өз кезегінде ауданның дамуына барлық күш - жігерімізді саламыз", - деп қорытындылады Қ.Ақсақалов.