Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын іске асыру арқылы Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын іске асыру арқылы Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Құмар Ақсақалов ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясындағы Қостанай облысының басты жетістіктері туралы, сондай-ақ 2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндап берді.

 "Жыл басынан бері өңірде бірқатар бағыт бойынша оң нәтижелерге қол жеткіздік. Ең бастысы – қысқа мерзімді экономикалық индикатор жыл басынан бері 3,4% жоғарылады. Орташа айлық жалақы 23,0% өсті", - деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Мемлекет басшысының экономиканың барлық саласының тұрақты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында біз, өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртуға, шағын кәсіпкерлік субъектілері санының өсуіне, облыста өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірқатар шараларды жоспарлап отырмыз.

Өңір экономикасының базалық салаларында, сондай-ақ құрылыс индустриясын жетілдіру, халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, жұмыспен қамтуға ерекше назар аудардық. Аталған талап – елдің жалпы дамуына оң әсер етуі тиіс.

Өткен жылдың ішінде облыс өнеркәсібінде төмендеу байқалды, қазір жағдай тұрақтанып, өндіріс көлемі біртіндеп артып келеді.

Мәселен, өнеркәсіп көлемі 2,6% - ға артып, 1,1 трлн теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемінің өсуі машина жасау өндірісін 41,0% - ға, дайын металл бұйымдарын 12,2% - ға, тамақ өнімдерін 17,3% - ға, сусындар өндірісін 13,6% - ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді.

Жеңіл және жүк автомобильдерінің, тракторлардың, комбайндардың, кондитерлік өнімдердің , май , ет , сүт , шұжық өнімдері мен ұнның өндірісі ұлғайтылды.

Құмар Ақсақалов облыстың АӨК дамыту мәселелеріне жеке тоқталды:

"Президент өз Жолдауында: АӨК басты міндеті – елді негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз етуі керектігін атап өткені белгілі. Біздің алдымызда жоғары рентабельді дақылдардың егістігін ұлғайту, жаңа технологияларды енгізу және минералды, сұйық тыңайтқыштарды барынша қолданып, инвестиция тарту арқылы өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы көлемін ұлғайту міндеті тұр".

2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында жалпы өнім шығару 106,9 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі-104,1%. Салаға 44% өсіммен 35,0 млрд теңге инвестиция тартылды.

Келешекте жыл сайын кемінде 10 жаңа СТФ салу жоспарлануда. Олар толығымен автоматтандырылады. Алдағы уақытта тұрғызылуы тиіс сүт және тауар фермаларының барлығына да осы талап қойылатын болады.

Жобаларды іске асыруға  100 млрд теңгеге жуық инвестиция тартып, 800-ден астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге көбірек инвестиция салу жоспарлануда. 12 жобаны іске асыруға 80 млрд теңге, оның ішінде 7 – өсімдік шаруашылығы өнімі, 2 – сүт өнімі, 3 – ет өндірісіне назар аударылмақ.

Сондай-ақ, белгілі неміс өндірушісі Deutsches Milchkontor GmbH тарта отырып, ассортиментте барлық түрдегі ірімшіктер өндіретін жаңа кешен салу ("Милх" ЖШС) жоспарланған. Бұл өндірістік қуаттылықты арттыруға мүмкіндік беріп, ірімшік өндірісінің көлемін ұлғайтуға, импортқа тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз етуі тиіс. Жобаның құны 7,2 млрд теңге, жылына 2,0 мың тонна өнім алу жоспарланған. Инвестиция жаңа технологияны өңірде кеңінен қолдануға септігін тигізуі тиіс.

Жаңа зауыттың іске қосылуымен өңделген сүттің үлесі 60% - ға дейін артады.

Облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Жыл басынан бері 175 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, 1500-ден астам отбасының тұрғын үй жағдайлары жақсарды. Тұрғын үйді іске қосу бойынша өсім 3,5%.

Жылдың соңына дейін барлығы 500,0 мың м2 тұрғын үй (4 мыңнан астам пәтер) салынады, бұл өткен жылдан 11,4% артық.

Құрылыс тек облыс орталығы мен қалаларда ғана емес, аудандарда да жүргізілуде. Бұл мақсаттарға 28,6% өсіммен 27 млрд теңге бөлінді.

Сондай-ақ, өңірде "Қостанай жастары" бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2022 жылы бұл жоба облыс орталығында пилоттық режимде іске асырылды. Биыл біз барлық аудандарға ауқымды кеңейтіп, қаржыландыру сомасын 3 есеге арттырдық. Қарастырылған 2,1 млрд теңге кемінде 140 жасты баспанамен қамтамасыз етуге жұмсалады.

Биыл Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Облыстың осы өңірлерін дамытуға бөлінген қаражат 2,7 есеге ұлғайтылып 23,1 млрд теңгеге жеткізілді.

Қаражат Арқалық қаласында "Жайлы мектеп" жобасы шеңберінде 300 орындық мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектептің құрылысын бастауға 3,2 млрд.теңге (1,0 млрд. теңге), 24 білім беру нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге және материалдық-техникалық базаны нығайту іспетті жұмыстарға жұмсалады.

Оңтүстік өңірлерді дамыту мақсатында Қостанай және Ақмола облыстарын қосып жатқан, "Жезқазған-Петропавл" (198 км) республикалық маңызы бар автожолының Арқалық пен Астананы байланыстырып тұрған учаскесін жөндеу көзделген.

Бұдан басқа, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорымен Арқалық қ., Амангелді және Жангелдин аудандарының ШОБ субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасын іске қосу жөнінде келісім жасалды.

Бастапқы кезеңде түпкілікті қарыз алушы үшін жылдық 1% сыйақы мөлшерлемесімен 1,5 млрд. теңге ("Даму "Қоры" АҚ қаражатынан 1 млрд. теңге, облыстық бюджет қаражатынан 500 млн. теңге) сомасында қаржыландыру көзделген (жалпы сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7% -, құрайды, оның 6% - ы облыстық бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын болады). Қаражат негізінен өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларында берілетін болады.

Жұмыспен қамтуға және кірісті арттыруға "Ауыл аманаты" бағдарламасы да ықпал етеді, оның шеңберінде 400 микрокредит беру және 420-дан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Осы мақсаттарға 1,6 млрд. теңге бөлінді.

 

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

8 7142 575076