Хабарландыру

Хабарландыру

«Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ: «Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ материалдық үстел бухгалтері бос азаматтық лауазымдға орналасуға конкурс жариялайды.

Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 115 730 теңгеден 136 335 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп шоттарының белгіленген сыныбына сәйкес материалдық құндылықтардың қозғалысын есепке алуды жүргізу. Мүлікті есептен шығару. Айдың кез келген күніне материалдық қалдықтардың саны мен құны туралы сенімді есептерді қалыптастыру, әр айдың бірінші күніне ТМҚ қалдықтарын қалыптастыру және бақылау, түгендеу нәтижелері. Нұсқаулықта көзделген бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу. Бухгалтерлік есеп дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау. Бастапқы құжаттаманың дұрыс ресімделуін бақылау және оның сақталуын қамтамасыз ету. Барлық материалдық жауапты қызметкерлермен өзара іс-қимыл.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті қолданыстағы заңнаманы білу; тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, белгіленген бағдарлама бойынша жұмыс өтіліне немесе арнайы даярлыққа талаптар қоймай, есепке алу және бақылау бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Конкурс Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» негізінде өткізіледі.

Әңгімелесуге қатысуға жіберілген үміткерлер оны құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ өтеді.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 30.11.2020 жылғы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымында соңғы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынылуы тиіс. Мекенжайы: Қостанай қ., Гоголь к-сі, 79а.Телефон/факс: 52-40-02, 8777-796-49-03

 Электрондық мекенжайы: teroboronakostanay@yandex.ru

«Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ