Қостанай облысының әкімі К.І. Ақсақалова Лисаков қаласындағы тұрғындармен кездесті.

Қостанай облысының әкімі К.І. Ақсақалова Лисаков қаласындағы тұрғындармен кездесті.

Облыс басшысы "Мирас" ЖШС ғимаратының медициналық қызметкерлерге арналған жалға берілетін тұрғын үймен қайта жаңартылатын бөлігімен танысты. 12 пәтерлі үй 2023 жылдың маусым айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Содан кейін "Asia Alco" ЖШС және "ЭксклюзивСтрой" ЖШС өндірістік нысандарын аралады.
Биыл моноқаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, Лисаков қаласын сумен жабдықтауға өткен жылмен салыстырғанда 3,3 есе көп қаражат бөлінді. Бөлінген қаражатқа 1-ші көтергіш сорғыдан 2-ші көтергішке дейін су құбыры желісін қайта жаңарту, КО-1 қысым құбырын қайта жаңарту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарланған.
Қаланы жылумен жабдықтауға өткен жылмен салыстырғанда 28,5% артық қаражат қарастырылған.
Ағымдағы жылы Лисаков қаласында жолдарды орташа жөндеуге қалалық бюджет қаражатынан 215,0 млн. теңге бөлінді.
Сонымен қатар, Лисаков қаласында жол инфрақұрылымын дамытуға және жарықтандыруға, сондай-ақ білім беруге, денсаулық сақтауға және бизнесті дамытуға ерекше назар аударылады.