
Бүгін Қостанай облысының әкімі Қ.Ақсақалов Қостанай қаласындағы «Қонай» және «Аэропорт» шағын аудандарына барып, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Қонай шағын ауданында 19 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы 2020 жылы басталды. Осы уақытқа дейін «Ақтөбе Сәулет» ЖШС-мен 17 үй бойынша шарттар жасалды, оның ішінде 9 үй пайдалануға берілді. Қалған 8 үйді енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Екі үйдің құрылысын аяқтау үшін «ЭРА Сервис» ЖШС-мен шарттар жасалды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталып, үйлерді пайдалануға беру туралы актіге қол қойылды.
«Аэропорт» шағынауданында 2022 жылы құрылысы 2019 жылы басталған 9 қабатты үш үйдің құрылысы қайта жанданды. Құрылысты жүргізу шарты «Нуркапстройгаз» ЖШС-мен жасалды. Нысанды тапсыру 2023 жылдың қазан айында жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, 2021 жылдың мамыр айында «Ақтөбе Сәулет» ЖШС қатысуымен 108 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды, қазіргі уақытта жұмыстың 25%-ға шамамен орындалды.
"Әр түрлі себептерге байланысты жаңа шағын аудандарда көппәтерлі үйлер салу мерзімі созылып кетті. Тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар бірінші кезекте осыдан зардап шегеді. Өкінішке орай, әлі аяқталмаған пәтерлер бөлінген жағдайлар болды, нәтижесінде тұрғын үй кезекте тұрғандарды басқа үйлерге қайта бөлуге тура келді.
Облыс әкімі болашақта кезекте тұрғандарды құрылыс аяқталғаннан кейін ғана үйлерге бөлуді жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.
Айта кету керек, жаңа үйлердің құрылысында мердігерлер Қазақстанның басқа облыстарынан келген компаниялар жұмыс атқаруда. Жергілікті кәсіпкерлердің үй құрылысына қатысуы, сол арқылы жұмыс орындарын құруы және облыс бюджетіне түсетін салық түсімдерін ұлғайтуы қажет" - деп түйіндеді Қ. Ақсақалов.
Бүгінгі таңда Қостанай қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте 13 832 азамат тұр: оның ішінде көпбалалы отбасылар – 519, жетім балалар-2 241, халықтың әлеуметтік осал топтары – 5 334.
КЖТ-дан басқа, аталған шағын аудандарда әлеуметтік нысандардың құрылысы жоспарланған. Мысалы, «Қонай» ш/а «Гренада «ПКФ» ЖШС құрылыс компаниясымен 900 оқушыға арналған жалпы орта білім беретін мектеп салынады. Нысанды аяқтау ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған.
«Аэропорт» ш/а 280 орындық балабақшаның құрылысы басталды.Сонымен қатар, биыл облыс орталығының жалпы ұзындығы 34,3 шақырым болатын 65 көшесін және жалпы сомасы 8,6 млрд. теңгеге 45 аула аумағын жөндеу жұмыстары жоспарланған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3 есе көп.
Сапар соңында облыс әкімі Қ. Ақсақалов қала әкіміне жаңа шағын ауданды абаттандыру, атап айтқанда балалар мен спорт алаңдарын салу, сондай-ақ жаңа ауданды көгалдандыру бойынша қосымша шаралар қабылдау мәселесін пысықтауды тапсырды.