
Бүгін Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақаловтың қатысуымен "RealtyKST" ЖШС газоблок зауыты ашылды.
Бұл нысанның құрылысы өткен жылдың қаңтар айында басталған болатын. Зауыттың өнімділігі жылына 75000 текше метрді құрайды. Бұл кәсіпорын 70-тен астам адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.
"RealtyKST" ЖШС газоблок зауытының ашылуы Қостанайдың қолайлы инвестициялық ахуалын айғақтайды.
Өз кезегінде, облыс орталығының дамуы инвестиция тартуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсуіне ықпал етеді.