Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

2023 жылдың 6 ақпанынан бастап Рудный қаласы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына Виктор Николаевич Ионенко тағайындалды. Ол қала әкімінің міндетін уақытша атқаратын болады.
В. Н. Ионенко инженерден бастап облыс әкімінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымдарда қызмет атқарған, тәжірибесі мол. Сондай-ақ, Денисов, Меңдіқара және Қарасу аудандарының әкімі болған.

Қуандық Хайдарұлы Испергенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Рудный қаласының әкімі қызметінен босатылды.