Мемлекет басшысы Лисаков қаласындағы балаларға арналған «Алақай» отбасылық демалыс орталығына барды.

Мемлекет басшысы Лисаков қаласындағы балаларға арналған «Алақай» отбасылық демалыс орталығына барды.

Орталық директоры Любовь Захарова Мемлекет басшысына аквапарк, өрмелеу алаңы, жазғы лагерь секілді жобаларын таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ жылдар бойы білім беру жүйесінде адал еңбек етіп, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне елеулі үлес қосқаны үшін Любовь Захарованы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен және «Алтын барыс» төсбелгісімен марапаттады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев орталықта Қостанай облысының белсенді жастарымен әңгімелесті.