Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы басшылығымен "Рудный қаласында 1200 орындық мектеп салу" жобасын іске асыру бойынша Меморандумға қол қойды.

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы басшылығымен "Рудный қаласында 1200 орындық мектеп салу" жобасын іске асыру бойынша Меморандумға қол қойды.

Мұндай қадам білім ошағы тапшылығын шешуге және оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мектеп барлық стандарттарға сай салынып, заманауи құрылғылармен жабдықталатын болады.
Жұмыс барысында облыс әкімі ERG өкілдеріне жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.
Биыл облыста 1080 орындық үш жаңа мектеп ашылды: Қарабалық ауылындағы мемлекеттік мектеп және Қостанай қаласында 2 жекеменшік мектеп ашылды.