Арқалықта әлеуетті бизнес-жобалар таныстырылды

Арқалықта әлеуетті бизнес-жобалар таныстырылды

Арқалық қаласында ірі инвесторлардың басын қосқан бизнес-форум өтті. Ұйымдастырушылардың мақсаты - инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы Қостанай облысының оңтүстік өңірлерін дамыту. Аталмыш іс-шарада бизнес саласының өкілдері мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері сөз сөйледі.
Қостанай облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы Аслан Жаныспаев облыстың оңтүстік аудандарының экономикалық әлеуетін көтеру тақырыбы көптен бері айтылып келе жатқанын алға тартты. Ол үшін заманауи тәсілдер қажет.
Форум барысында барлық қатысушылар басты бағыттардың бірі - инвестицияларды, оның ішінде өңдеуші сектор жобаларына тарту керек екендігін айтты.
Өңдеу секторындағы өндіріс көлемі жөнінен Қостанай облысы Қазақстан Республикасы бойынша үздік бестіктің қатарында.
Соңғы бірнеше жылда 2,5 есе өсіп отыр, ал биыл облыста өңдеу өнеркәсібінде 1,4 трлн теңгеге өнім шығару жоспарда бар.
Сондықтан форумда әлеуетті жобалар таныстырылды. Қостанай облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы Аслан Жаныспаевтың мәліметінше, Арқалық, Амангелді және Жангелдин аудандарында 462 миллиард теңге сомасына бірден 35 жобаны іске асыру жоспарланған. Бәрі жүзеге асса, кейіннен 4, 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ.
-Мысалы, Арқалық маңындағы "Қостанай тау-кен металлургия корпорациясы" ЖШС 2027 жылға қарай тау-кен байыту комбинатының құрылысын бастауды көздеп отыр. Жұмыс құны 315 миллиард теңгені құрайды, 1200 жұмыс орны пайда болады. Сондай-ақ Арқалықта, Амангелді және Жангелді аудандарында "SRS Holding LTD" холдингі құрамында алтыны бар полиметалл кендерін өңдейтін үш зауыт салуды ойластырған. Инвестициялардың жиынтық көлемі 49 миллиард теңгеден асады. Бұдан бөлек алдағы жылдары құны 24 миллиард теңгеден асатын қуаты 48 МВт "Арқалық" жел электр станциясын салу мәселесі қарастырылып жатыр.,-дейді ол.
Бұған қоса агроөнеркәсіптік кешенде бірқатар жобаны іске асыру мақсаты бар.
Мысалы, "Алюминстрой" компаниялар тобы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кластер құруда.
Сонымен қатар, қуаттылығы жылына 18 мың тонна ұн өндіретін диірмен кешенін және асыл тұқымды 2,5 мың бас ІҚМ репродуктор салу жоспарлануда. Сол жерде қуаттылығы жылына 100 мың тонна майлы тұқымдарды өңдейтін зауыт салу жоспарланған. Осылайша, бұл нысандарға салынатын инвестиция көлемі 3 миллиард теңгеден асады және қосымша 145 жұмыс орны ашылады.
Целинноето ауылында "Ұрпақ Агро" ЖШС 10 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңын іске қосуға ниетті. Жоба бойынша инвестициялар 4,5 миллиард теңгені құрамақ. Онда 50 адам тұрақты түрде жұмыс істей алады.
- Сондай-ақ форумда шағын және орта бизнес секторы талқыланды. Мұнда мысал ретінде "Үміт" ЖШС былғары зауытын келтіруге болады. 2021 жылы облыс әкімдігі "Тобыл "ӘКК" АҚ-мен бірлесіп кәсіпорынды қаржылық қолдауға жәрдем көрсетті, бұл 10 жыл бойы тоқтап тұрған зауытты қайта іске қосуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, кәсіпорынға тігін цехын және сервистік дайындау цехын ұйымдастыру үшін грант түрінде үй-жайлар мен қосымша қаражат бөлінді.
Биыл тағы 2 жоба іске асырылды, оларға 5 миллион теңгеден гранттар берілді. Бұл қайыс және былғары өнімдерін өндіру бойынша жоба, сондай-ақ балалар ортопедиялық аяқ киімін өндіру бойынша жоба қолға алынды. Осылайша, тері зауытының айналасында шағын бизнес тізбегі қалыптасуда, - деп атап өтті Жаныспаев.