Архимед Мұхамбетов эвакуацияланған тұрғындар уақытша тұратын мектепке барды

Архимед Мұхамбетов эвакуацияланған тұрғындар уақытша тұратын мектепке барды

Бүгінгі күні Қостанай облысы бойынша жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды. Облыс әкімдігінің резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Бұл, ең алдымен, жатын орын және тамақтану. 1800 адам эвакуацияланды. Мектептерде 200-ге жуық адам тұрақтады. Көбісі қауіпсіздігін тексеріп өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарын паналады.
Аймақ басшысы хабарлағанындай, зардап шеккендердің жаңа үй салуға немесе өтемақы алуға мүмкіндігі бар. Үйлердің құрылысы қысқа мерзімде жүзеге асырылады.
Бүгін 108 ғимарат зардап шекті, оның ішінде 98 үй толығымен өртенді. Қазір басты міндет - өртті толығымен ауыздықтау.
Ірі кәсіпорындар мен шағын бизнес шет қалмайды және зардап шеккендерге барлық жағынан көмектеседі. Жақын күндері жұртшылық барлық азаматтар қолдау көрсете алатын қор ашуды жоспарлап отыр.

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі