Жұмыс сапарының жалғасында Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласына барды

Жұмыс сапарының жалғасында Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласына барды

Мұнда бірінші кезекте ол Ш. Жәнібек және Демченко көшелеріндегі орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Ш.Жәнібек көшесінің ұзындығы 1,9 шақырым, құрылыс-монтаж жұмыстарын толық аяқтау үшін қосымша қаражат бөлінді. Жұмыс келесі жылы аяқталады. Демченко көшесінің ұзындығы 2,7 шақырым, жөндеу жұмыстары қазіргі таңда тәмамдалды.
Бұдан кейін облыс әкімі 7-шағын аудандағы инженерлік желілер құрылысының барысымен танысты. Жоба бойынша су құбыры желілері – 10,04 шақырым, кәріз желілері – 4,03 шақырым, электр желілері-5,91 шақырымда жөндеу жоспарланған.
Одан әрі ол “Северный” кентіндегі су құбыры желілерін қайта құру нысанына барды. 21,3 шақырым су құбыры желісін қайта жаңарту жоспарланған, қазіргі уақытта 6 шақырымы төселді.
Кейін ЖК "Аяп" көмір тұйығының өндірістік қуатын кеңейту бойынша объектіге барды.
Кәсіпорын 2013 жылдан бастап халық пен ұйымдар үшін тас көмірді сатып алу және сату бойынша жұмыс істейді. Теміржолдың негізі салынды, ұзындығы 200 м. Теміржолдың жоғарғы құрылымы жартылай төселген.
Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласының әкіміне жоспарланған барлық жұмысты сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі