Хабарландыру

Хабарландыру

«Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ  «Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ басшысының орынбасары бос азаматтық лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақы:

- 130 016 теңгеден 158 031 теңгеге дейін. 

Функционалдық міндеттері: Аумақтық әскерлердің аумақтық органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру, оларды күнделікті тіршілік әрекетінде қамтамасыз ету, материалдық-техникалық құралдар қорын құру. Аумақтық қорғаныс бөлімшелерімен командалық-штабтық және тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға қатысу, өткізілетін әскери-экономикалық оқу-жаттығуларға, «ҚР қорғанысы және Қарулы Күштері туралы»  ҚР Заңында, « ҚР аумақтық қорғанысты ұйымдастыру туралы» ҚР Президентінің Жарлығында көзделген әскери міндеттілермен жиындар өткізуге қатысу.  Мемлекеттік сатып алумен жұмыс. Мекеменің әкімшілік және өндірістік- шаруашылық қызметінің мәселелерін шешу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті қолданыстағы заңнаманы білу; қарулы күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы, құқық қорғау органдарындағы жұмыс немесе қызмет тәжірибесі; кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұйымдарда басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Конкурс Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» негізінде өткізіледі.

Әңгімелесуге қатысуға жіберілген үміткерлер оны құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ өтеді.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 30.11.2020 жылғы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымында соңғы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынылуы тиіс. Мекенжайы: Қостанай қ., Гоголь к-сі, 79а.Телефон/факс: 52-40-02. Электрондық мекенжайы: teroboronakostanay@yandex.ru

 

«Қостанай облысы әкімдігінің мамандандырылған базасы» КММ