Биыл 50 жас отбасы "Жас шаңырақ" бағдарламасы аясында пәтер ала алады

Биыл 50 жас отбасы "Жас шаңырақ" бағдарламасы аясында пәтер ала алады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов " Жас шаңырақ "бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді.
"Жас шаңырақ" бағдарламасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 8 шілдесінде жастардың тұрғын үй бағдарламасын енгізу бойынша Жол картасы әзірленіп, бекітілді.
Ағымдағы жылдың 24 тамызында облыстық "Жас шаңырақ" орталығының 2022 жылға арналған жастарға жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарлануда және қала әкімдігімен кезекте тұрғандардан келіп түскен өтінімдерді қарау бойынша комиссия құрылады.
- Айта кету керек, жастарға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы биыл 50-ге жуық жас отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Келесі жылы 100 пәтерге дейін ұлғайту жоспарлануда,-деп атап өтті аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов.
Бағдарламаларға қатысатын үміткерлер үшін Қостанай қаласында кемінде 2 жыл тұрақты тіркеуде болуы, қала аумағында талап етілетін салаларда кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болуы міндетті.
Үміткердің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің ҚР аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйі және соңғы 5 жыл ішінде иеліктен шығару фактілері, сондай-ақ ҚР аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған жалға берілетін тұрғын үй болмауы тиіс. Бағдарламаға қатысушы немесе отбасы мүшелері кәмелетке толғанға дейін алған жылжымайтын мүліктегі үлесі жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы есепке алмағанда. Өтініш берушінің сатып алынатын тұрғын үйді келесі 5 жыл ішінде иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
Отбасының 1 мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы табысы 6 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс.
Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
Бағдарламаны әзірлеу кезінде Нұр-сұлтан мен Алматы қалаласы, Қарағанды және Жамбыл облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру тәжірибесі негізге алынды. Біздің облыс осы бағдарламаны жүзеге асыратын 5-ші өңір.

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі