Жаңа әкім тағайындалды

Жаңа әкім тағайындалды

Қостанай қаласы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Жүндібаев Марат Қонысбайұлы Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды.
Марат Жүндібаев 20 жылдан астам Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдарында әртүрлі лауазымдарды атқарды, соның ішінде Қостанай қаласы әкімінің орынбасары, Лисаков қаласы әкімі лауазымын атқарды, сондай-ақ 5 жылдан астам облыс әкімінің орынбасары болды, соңғы атқарған лауазымы - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
Марат Жүндібаев Қостанай ауданы Новоселовка ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Ахметов Қайрат Жұмашұлы берген өтінішіне сәйкес өз қалауы бойынша атқаратын қызметінен босатылды.

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі