Шектеулер енгізілді

Шектеулер енгізілді

Облыста эпидемиологиялық жағдай ушығыа келеді. Қостанай облысы «сары аймаққа» енді. 10 қаңтарда облыста коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 3 жағдайы, 11 қаңтарда – 39 жағдай тіркелген болса, 12 қаңтарда 94 жағдай тіркеліп отыр.
Осыған байланысты шектеу іс-шараларын күшейту туралы тиісті қаулы қабылданды:
- ашық ауада, сондай-ақ үй-жайлардың ішінде бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
-қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды жүргізуге қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) әкімшілік персоналының кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру;
- 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін мектеп оқушыларын оқытуды онлайн форматқа көшіру, 2022 жылдың 6 ақпанына дейін жоғары оқу орындары студенттерін онлайн оқыту.
Құрметті облыс тұрғындары, сіздерді өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы үшін жауапкершілік танытуға, эпидемияға қарсы іс-шаралардың барлық ережелерін сақтауға және COVID-19-ға қарсы уақтылы вакцинациядан, сондай-ақ ревакцинациядан өтуге шақырамыз.