Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету туралы тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 28 қаңтардағы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Е.М. Спановтың «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді.

Облыстағы экономика, қаржы, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, салық және қаржы-кредиттік тәртіп, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, әлеуметтік-экономикалық ахуалды талдау, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, облыс халқының денсаулығын сақтау, бақылау-өткізу пункттерін жабдықтау бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың ҚР ҰҚК Шекара қызметімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, бәсекелестікті қорғау саласының, жетекшілік ететін бағыттары бойынша шекара маңындағы ынтымақтастық, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өңірлік ӘКК мәселелеріне жетекшілік жасайды.  

«Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ,

«Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ,

«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ,

«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ,

«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ,

«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ,

«Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ ішкі аудит қызметіне,

мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мәселелеріне басшылық етеді.

Жергілікті деңгейде өз құзыреті шегінде:

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ,

«ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Қостанай облысы бойынша қазынашылық департаменті» ММ

«ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетінің Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті» ММ,

«ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ,

«ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Костанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ,

«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ,

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ,

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтиқалық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ,

«ҚР Ұлттық банкі» ММ Қостанай филиалымен және екінші деңгейдегі банктердің филиалдарымен,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша  филиалымен,

аудиторлық мекемелерімен, сақтандыру компанияларымен және қорлармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.

Өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 11-21 қаңтардағы аралығында жүзеге асырылады.

Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны 575-084 телефоны бойынша алуға болады.