«Ашық және Халық үніне құлақ асатын мемлекет»

«Ашық және Халық үніне құлақ асатын мемлекет»

Облыс жұртшылығы мемлекеттік органда әдеп нормаларын сақтау жөнінде қабылданған шаралар қаншалықты тиімді екені туралы онлайн - сауалнамаға қатысты. Сауалнама облыс әкімінің сайтында «Оқиғалар» бөлімінде орналастырылған. Жыл басынан  анонимдік сауалнамаға 3258 азамат қатысты.

 

«Күнделікті жағдайларда Сіз мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын сақтамау фактілерімен қаншалықты жиі кездесесіз» сұраққа осылайша жауап берген: 

кездескен жоқпын – 71,9%, 

жиі – 3,0%,

кейбір кездерде – 13,5%,

сирек – 11,4%.

 

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәдениетін арттыру үшін не істеу керек» сұраққа:

әдепті бұзған қызметшілерге қатаң жаза қолдану керек – 21,2%, 

әдепті қызметшілерді барынша ынталадыру қажет -77,6%.

 

«Мемлекеттік органда әдеп нормаларын сақтау жөнінде қабылданған шаралардың тиімділігі» сұраққа:

тиімді. Қызметшілер азаматтар мен әріптестері арасындағы қарым-қатынаста сыпайлық пен әдептілік танытады – 83,7%, 

тиімділігі төмен. Қызметшілер азаматтар мен әріптестері  арасындағы қарым-қатынаста сыпайлық пен әдептілік нормаларын бұзады – 5,8%,

жауап беруге қиналамын – 9,9%.

 

Сауалнама жалғасуда. Осындай сауалнамалар қалалар, аудандар әкімдерінің сайттарында да ашылған.

 

 

Қостанай облысы әкімі аппаратының

әдеп жөніндегі уәкілі Қ. Сүйіндіков