Қостанайда халықаралық дирижерлер форумы өтті

Қостанайда халықаралық дирижерлер форумы өтті

Форумның мақсаты - ұлттық музыканы дамыту, жастарды патриоттық тәрбиелеу, ұлттық өнер мен рухани дәстүрлерді насихаттау, жақын және алыс шетелдердің дирижерлері арасында музыкалық тәжірибемен алмасу.
Биыл дирижерлер форумы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған.
Форумға Ресей, Өзбекстан, Қазақстанның атақты дирижерлері мен әртістері қатысты.
Концерттік бағдарламада Қазақстанның жетістіктерін, Елбасының еңбегін, оның Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтағы имиджін ілгерілетудегі рөлін көрсетті. Қазақстан композиторларының шығармалары, Елбасының сөзіне жаылған "Город мой", "Сарыарқа" атты әндер, әлемдік классика – Штраус, Верди, Бизе шығармалары орындалды.

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі