Хабарландыру

Хабарландыру

Валюта бағамдары мен базалық мөлшерлеме бойынша электрондық анықтамаларды беру қызметін іске қосу туралы

2021 жылдың 30 қыркүйегінен бастап Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) валюта бағамдары мен базалық мөлшерлеме бойынша электрондық анықтамалар беру қызметін пилоттық режимде іске қосты. Жүйе мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға арналған. Ол қызметті ҚҰБ веб-порталының «Электрондық анықтамалар»  бөлімінен табуға болады.

Сервис статистикалық деректерді ұсыну процесін жеңілдетіп, электрондық анықтамаларды алу мерзімін айтарлықтай қысқартады. Егер осыған дейін қағаз жүзіндегі ақпаратты алу үшін орта есеппен 2-ден 5 жұмыс күніне дейін уақыт кетсе, жаңа жүйе қажетті анықтаманы сол мезетте ұсына алады.

Жаңа сервистің көмегімен пайдаланушылар келесі мәліметтерді ала алады:

- таңдалған күнге немесе кезеңге ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты күнделікті ресми бағамы бойынша анықтама;

- ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты ресми бағамы бойынша бір айдағы орташа анықтамасы;

- таңдалған күнге немесе кезеңге ҚҰБ базалық мөлшерлемесінің (қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің) көлемі туралы анықтама;

- белгілі бір күнге белгіленген шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы ақпараттық хабарлама.

Электрондық анықтамаларды алу үшін веб-порталда тіркелу міндетті емес, олардың түпнұсқаға сәйкестігі құжаттағы QR-кодпен расталады.

Сервис статистикалық ақпаратты алудың қосымша әдісі екенін ескерген жөн. Жеке және заңды тұлғалар бұрынғыдай заңнамамен белгіленген мерзімде қағаз жүзінде анықтама алу үшін Ұлттық Банкінің Қостанай филиалына жүгінуге құқылы.

Электрондық анықтамаларды беру кезінде валюта бағамдары бойынша ақпарат 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҰБ-тың оларға қатысты теңгенің ресми бағамын белгілейтін шетел валюталары бойынша күн сайынғы және ай сайынғы негізде қолжетімді. Базалық мөлшерлеменің көлемі туралы деректер 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап беріліп келеді.

Сұрақтар бойынша Ұлттық Банктің Қостанай филиалына 8(7142) 990910, 990914 телефондары арқылы хабарласуға болады