Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы Халықаралық әуежай ғимаратын реконструкциялау барысын тексерді.

Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы Халықаралық әуежай ғимаратын реконструкциялау барысын тексерді.

Қазіргі уақытта терминал ғимаратында төбені, еденді және қабырғаны қаптау жұмыстары жүргізілуде. Сақтау ғимаратында жаңа галереяның құрылысына орын дайындалып жатыр, сонымен қатар ғимарат ішіндегі жылыту жүйесін орнату және галереяның іргетасын құюға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Келесі жылы әуежай аумағын абаттандыруды аяқтау жоспарлануда.
Жөндеудің жалпы құны 911,4 млн. теңгені құрайды.
Облыс әкімі негізгі жұмыстарды биыл аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ, өңір басшысы мемлекеттік органдарға әуежай қызметін қалпына келтіруге қажетті көмек көрсетуді тапсырды, сонымен қатар "Қостанай" халықаралық әуежайы" АҚ басшылығына барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды және жолаушыларға қызмет көрсету, әуе кемелерін қабылдау және жөнелту бойынша сапалы қызмет көрсетуді тапсырды.

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі