12 жел электр станциясы салынды

12 жел электр станциясы салынды

Облыс әкімі Мұхамбетов Қостанай ауданындағы қуаты 50 МВт болатын "Ыбырай" жел электр станциясында болды.
Бұл жобаның құны 26,3 млрд.теңгені құрайды және жеке инвестициялар есебінен іске асырылуда.
Бүгінгі таңда 16 жел электр қондырғысының 12-сі орнатылған, олардың әрқайсысының қуаттылығы 3,2 МВт. 35/110 кВ көтеру қосалқы станциясы, 110 кВ желі, 35 кВ желі монтаждалған жел электр қондырғыларына және әкімшілік-тұрғын аймаққа дейін салынды.
Жел генераторлары Қытайдан жеткізіледі. ҚХР-дан жел қондырғыларының жабдықтарын жеткізу жаңартылды, қалған жел диірмендері мен электр беру желілері орнатылуда.
Сынақ аясында 17 тамызда 5 желэнергоқондырғыны алғашқы іске қосу жүргізілді (осы 5 қондырғымен өндірілетін электр энергиясы "КЕGOС"АҚ желісіне түседі).
Қазіргі уақытта іске қосу-жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі