Архимед Мұхамбетов жаңа шағын аудандар құрылысының барысымен танысты

Архимед Мұхамбетов жаңа шағын аудандар құрылысының барысымен танысты
Архимед Мұхамбетов Қостанай ауданындағы "Бәйтерек" және "Астана" жаңа шағын аудандарының құрылысымен танысты. Мұнда 45 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Қазіргі уақытта жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.
Одан әрі Қостанай қаласындағы шаңғы базасының аумағын қарап шықты.
Шаңғы базасы "Жұмыспен қамтудың жол картасы"мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған.
Базада ұзындығы 3000 метр сапалы жарықтандырумен асфальтбетон жабыны бар шаңғы-роллер трассасы жабдықталған, бұл жыл бойы оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Одан әрі ол "Қонай"шағын ауданындағы үйлердің құрылыс барысын тексерді. Қазіргі уақытта жоспарланған жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. "Қонай" шағын ауданында барлығы 1425 пәтер қарастырылған, бұл 30 тұрғын үй. Сондай-ақ, 280 орындық 4 балабақша мен 900 орындық 2 мектеп салу қарастырылған.
Аралау қорытындысы бойынша облыс әкімі А.Мұхамбетов Қостанай қаласының әкімдеріне және Қостанай ауданының әкіміне жоспарланған жұмыстарды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.
 
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі