Қостанай облысына "General Motors" делегациясы келді

Қостанай облысына "General Motors" делегациясы келді
Жұмыс сапарымен Қостанай облысына "General Motors" құрылымдық басшыларының бірі Джонни Салдана және "Узавтосаноат" АҚ Басқарма төрағасы Шавкат Өмірзақов, сондай-ақ "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Төрағасы Нұрлан Байбазаров келді. Сапар барысында олар "СарыарқаАвтоПром" ЖШС зауытына барып, зауыттың қуаттылығымен танысты. "Узавтосаноат" АҚ серіктестігінің арқасында өткен жылдан бастап "СарыарқаАвтоПром" ЖШС алаңында "Chevrolet" автокөлігін шығару жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы "СарыАрқаАвтоПром" ЖШС осы маркалы 40 мың автомобиль құрастыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қонақтармен кездесіп, әріптестік қарым-қатынастарды нығайту, соның ішінде өндірісті оқшаулау деңгейін арттыру мәселелерін талқылады.
Өңір басшысы атап өткендей, белгіленген жоспарларды іске асыру облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.
 
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі