Бүгін Архимед Мұхамбетов жұмыс сапары аясында Рудный қаласына барды

Бүгін Архимед Мұхамбетов жұмыс сапары аясында Рудный қаласына барды

Бірінші кезекте өңір басшысы құны 57 млрд.теңге болатын "ССКӨБ" АҚ ЖЭО қайта құру жұмыстарымен танысты. Қайта жаңартуды 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Жылу беру маусымына ЖЭО толық дайын.
Содан кейін ол Рудный қаласының аулаішілік, магистралдық жылу желілері мен жылу сорғы станцияларын реконструкциялау барысын тексерді. Жылу желілерін қайта құруға 4,289 млрд теңге бөлінді.
Одан әрі жергілікті полиция қызметінің тірек пунктіне барып, JAC маркалы 3 автомобильдің кілтін табыс етті.
Одан кейін облыс әкімі орталық кәріз коллекторының құрылысын тексерді. Нысанның құны 1,823 млрд теңгені құрайды. Нысанды 2022 жылы аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ, А.Мұхамбетов Восточный көшесіндегі тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексерді. Мұнда ағымдағы жылы 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, сондай-ақ 2022 жылы тағы 6 тұрғын үй қолданысқа беріледі.
Сапар соңында ол мұз сарайында болып, "Горняк" хоккей клубының ойыншыларына хоккей формасын табыс етті.
Кәсіпкер Қ. Казбеков "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өз қаражаты есебінен 900 млн. теңгеге Мұз сарайына жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі А.Мұхамбетов қала әкімі Қ. Испергеновке қаланы одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі