Бүгін Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының индустриялық аймағы аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді.

Жиын барысында өңір басшысы жоба бастамашыларымен және жауапты тұлғалармен бірлесіп, іске асырылып жатқан өндірістердің ағымдағы жай-күйін, сондай-ақ өңірді дамыту жөніндегі одан арғы жоспарларды талқылады.
-Таяу жылдары индустриялық аймақ аумағында пайдаланудан шыққан ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеу және кәдеге жарату хабын іске қосу жоспарлануда, сондай-ақ, қолданыстағы "Беларус" тракторларының өндірісін оқшаулауды ұлғайту мақсатында техниканың осы түріне арналған кабиналар шығаратын цех салынуда, - деп атап өтті А.Мұхамбетов.
Облыс әкімінің айтуынша, сонымен қатар, "КАМАЗ" ЖАҚ-мен ынтымақтастықта автоқұрамдауыштар шығаратын зауыттардың құрылысы жалғасуда, сондай-ақ "TEHNOPARK KZ" ЖШС "Луидор" ресейлік компаниясымен бірлесіп коммерциялық техника өндірісі бойынша жобаны іске асыруды жоспарда бар.
-Жоғарыда аталған жобаларды іске асырудың арқасында 1 мыңнан астам жұмыс орны құрылады, бұл сөзсіз облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді,-деді облыс әкімі.
Кездесу қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов жауапты тұлғаларға белгіленген жоспарларды уақтылы іске асыру мақсатында жоба бастамашыларына көмек көрсетуді тапсырды.
 
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі