Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Жітіқара ауданына барды

Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Жітіқара ауданына барды

Сапар барысында аймақ басшысы "Львов колос" ЖШС егістігін аралады, оның жалпы егіс көлемі 20 877 га құрайды, биыл Жітіқара ауданында жаздық егіс 216,1 мың га құрады.

Одан әрі ол Шортанды өзенінің сол және оң жағалауындағы Жітіқара қаласының шығыс бөлігінің газ тарату желілерінің құрылысына барды. Жобаның құны 1 696 млн.теңге. Газ құбырына қосу жоспарланған абоненттер саны 1095 бірлікті құрайды. Құрылысты ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда.

Арихмед Мұхамбетов одан кейін Жітіқара аудандық ауруханасын да аралап көрді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында "Комаров тау-кен кәсіпорны" ЖШС өз қаражаты есебінен 175 млн.теңге көлемінде компьютерлік томограф сатып алды.

Сондай-ақ, Орталық қалалық қазандыққа барды. Оның негізгі қызметінің түрі ыстық суда жылу энергиясын өндіру болып табылады. Пайдаланылатын негізгі отын-газ, ал резервтік отын-мазут.

Сапар соңында облыс әкімі мәдениет сарайында орналасқан вакцинация пунктіне барды. 28 шілдедегі жағдай бойынша Жітіқара ауданында бірінші компонентпен 11 980 адам, ал екінші компонентпен 6 980 адам вакцинацияланды.

Сапар қорытындысы бойынша А.Мұхамбетов Жітіқара ауданының әкімі Н.Өтегеновке ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысты күшейтуді, сондай-ақ халықты вакцинациялауға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандыруды тапсырды.

 

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі