Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен КВИ таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысы өтті

Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен КВИ таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысы өтті

Штаб отырысы барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Р.Айтбаев, Арқалық және Рудный қаласы мен Жітіқара ауданы әкімдерінің есебін тыңдалды.

Сондай-ақ, мониторингтік топтардың жұмысы қарастырылды. Мониторингтік топтар 2021 жылғы 1 маусым мен 25 шілде аралығында 4 724 рейдтік іс-шара өткізді, 190 карантиндік шараларды бұзушылық анықталды.

Инфекцияға қарсы іс-қимыл саласында 1 927 керуеттер бар, оның ішінде: 1 627 инфекциялық керует, жүктеме 51,9% құрайды. 300 карантиндік керует пен жүктеме 25,6% құрайды.

Бұдан басқа, барлық енгізілген ұсыныстарды қарап шығып, ағымдағы жылғы 1-14 тамыз аралығында екі апта мерзімге келесі шектеулерді енгізу туралы шешім қабылданды.

«Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, демалыс және мереке күндері мына нысандардың жұмысы тоқтатылады.

- мәдениет, театрлар, кинотеатрлар нысандары.

- қоғамдық тамақтану орындары жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

- көлемі 2000 шаршы метрден асатын нысандар, оның ішінде азық-түлік емес тауарларды сататын СОО жұмысы шектеледі.

- азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, оның ішінде жабық базарлар.

- сауна, СПА-орталықтар, бассейндер, жабық спорт нысандары, термопарк.

Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде шектеу шараларын қайта жеңілдету туралы мәселе қаралатын болады.

Өңір басшысы облыс тұрғындарына өз денсаулықтары және жақындарының денсаулығы үшін жауапкершілік танытуға, эпидемияға қарсы іс-шаралардың барлық ережелерін сақтауға және COVID-19-ға қарсы уақтылы вакцинациядан өтуге кеңес береді.

 

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі