Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының бірқатар нысандарын аралады

Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының бірқатар нысандарын аралады

Ол индустриялық аймақ аумағындағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді. "KamLitKZ" ЖШС құрылыс алаңына барды, онда "КАМАЗ" жақ бірлесіп шойын құю зауытын және жетекші көпірлердің бас берілістерінің редукторларын өндіру зауытын салу бойынша 2 жоба іске асырылуда. Бұл өндіріс қуаты жылына 40 мың тонна құйма шойын құю зауытын салу және өндіріс қуаты жылына 65 мың бірлік жетекші көпірлердің бас берілістерінің редукторларын өндіру жөніндегі зауыт салу.

Одан әрі пайдаланудан шыққан ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеу жөніндегі кәдеге жарату хабының құрылыс алаңына барды. Жобаның бастамашысы "AutoRecycling" ЖШС болып табылады, инвестиция құны 4 млрд.теңгеден астам соманы құрайды, мұнда 95-ке жуық жұмыс орны пайда болады, зауыттың қуаттылығы жылына 5,5 мың ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеу болмақ.

Осы жобалар бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 160 млрд. теңгеден асады, бұл ретте 700-ге жуық жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ, облыс әкімі арнайы коммерциялық техника өндірісі бойынша "Луидор" компаниясымен (Ресей Федерациясы) бірлесіп жаңа жоба жүзеге асырылып жатқан "TEHNOPARK KZ" ЖШС-нің аумағына барды. Аталған жобаның құны 2,6 млрд.теңгені құрайды, 200-ге дейін тұрақты жұмыс орнымен, нысанның қуаттылығы жылына 600-ге жуық арнайы автокөлікті құрайды. Жобаны 2022 жылдың соңына дейін іске асыру жоспарланып отыр.

Одан кейін ол "МТЗ Қазақстан"ЖШС-на барды. Бүгінгі таңда "МТЗ-Қазақстан" ЖШС Минск трактор зауытымен ынтымақтастықта "Беларус " тракторларын өндіру бойынша жобаны іске асырды. Өндірісті оқшаулау деңгейін арттыру мақсатында кәсіпорын жобаның екінші кезеңін – тракторларға арналған кабиналар өндірісін іске асыруға кірісті. Жобаның құны 2,8 млрд.теңге, 100-ге жуық жұмыс орнын құрумен.

Кейін көрермендерге арналған 2500 орындық Мұз сарайының құрылыс барысын қарап шықтым. Мұз сарайының өткізу қабілеті сағатына 50 адамды құрайды.

Сонымен қатар, өңір басшысы облыс орталығының Бородин көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларына бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін жүргізілген жөндеу жұмыстарын тексерді. Ағымдағы жылы Қостанай қаласында 29 көп қабатты тұрғын үйдің шатыры мен қасбеттерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыс соңында Арихмед Мұхамбетов Притобольск саябағының солтүстік бөлігін, ауданы 11,6282 га реконструкциялауды қарап шықты, биыл "Шағала" жағалауының қолданыстағы бөлігіне ағымдағы жөндеу жүргізу, ал келесі жылы қалалық жағажайға дейін жаңа жол салу жоспарлануда.

Аралау қорытындысы бойынша облыс әкімі Қостанай қаласының әкімі К.Ж. Ахметовке жоспарланған жұмыстарды сапалы және мерзімінде аяқтауды тапсырды.

 

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі