Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Сарыкөл ауданына барды

Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Сарыкөл ауданына барды

Ол әуелі Сорочин ауылындағы ауызсу тарату желісінің Лихачев топтық су құбырына қосылу барысымен танысты. Жоба өткен жылы 320 млн.теңге сомасына іске асырылды. Ұзындығы 22,1 шақырымды құрайды. Осылайша, Сорочин ауылының тұрғындары ауыз сумен толық қамтамасыз етілді.

         Кейін ол Сарыкөл ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барды. 2020 жылы жалпы 31 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

         Одан әрі Комсомол жалпы білім беретін мектебіне барып, өткен жылы 72,8 млн.теңгеге жаслған күрделі жөндеу жұмыстарын қарап шықты.

Өткен жылы Сарыкөл ауданында 1 003 300,8 теңгені құрайтын 11 жоба жүзеге асырылғанын атап өткен жөн.

         Сонымен қатар, Сарыкөл ауылындағы «Мелитопольское» ЖШС және Комсомольское ауылындағы «КазПроИнвест» ЖШС егіс алқаптарын аралады.

         Сондай-ақ, аудан әкімі А.Балғарин ауданның ағымдағы жылға арналған егіс науқаны туралы баяндады. Алдын ала жоспарға сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруды ескере отырып, биыл 327,3 мың га алқапта дақылдарды егу жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 101% құрайды.

         Сапар қорытындысы бойынша өңір басшысы аудан әкімі А.Балғаринге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жалғастыруды тапсырды.

 

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі