Архимед Мұхамбетов КВИ таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді

Архимед Мұхамбетов КВИ таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді

Штаб отырысы барысында мониторингтік топтардың жұмысы қаралды. Осылайша, мониторингтік топтар 2021 жылғы 1 наурыз бен 4 мамыр аралығында 3 116 рейдтік іс-шара өткізді, 146 карантиндік шараларды бұзушылық анықталды.

         Одан әрі ол денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Рүстем Айтбаевты эпидемиологиялық жағдай және вакцинация барысы туралы тыңдады.

         Облыс аумағында вакцинациялаудың бастапқы және қайталама кезеңдеріне арналған кабинеттері бар 31 медициналық ұйым (оның ішінде 5 жеке) жұмыс істейді.

         Вакцинацияны 62 стационарлық және 31 жылжымалы егу пункттері жүргізеді.

         Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 50 445 адам вакцинацияланды. Облысқа "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентінің 74 мың дозасы және екінші компонентінің 24 мың дозасы, сондай-ақ QazVac вакцинасының 2 мың дозасы және "Hayat-Vax"14 мың дозасы жеткізілді.

         Жалпы облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

 

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі