Дала және орман өртінің алдын алу

Дала және орман өртінің алдын алу

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандардың әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, дала және орман өртінің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шараларды қарастырды.

         Облыстағы мемлекеттік орман қоры аумағында өрттің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес орман шаруашылығы мекемелері 2021 жылғы маусымға дайын.

         Құтқарушылар қауіпті кезеңге өткен жылдың күзінен бастап алдын ала дайындалған және қазіргі уақытта ұзындығы 52 мың шақырымнан астам минералдандырылған жолақтар қара бу күйінде тұр.

         Бұдан әрі 2021 жылғы шомылу маусымында адам шығынының алдын алу және болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселе қаралды.

         Облыс бойынша 9 ресми жағажай жұмыс істейді. ТЖ департаментінің сүңгуірлері жыл сайын қалалық жағажайлар, балаларды сауықтыру лагерлері мен демалыс базаларының су қоймаларының түбін тексереді.

         Бүгінгі күні Департамент бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде, сондай-ақ халыққа жадынамалар таратылуда, мектептерде интерактивті сабақтар өткізілді.

         Кеңес қорытындысы бойынша өңір басшысы қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне дала өрттерін сөндіруге бақылауды күшейтуді, сондай-ақ 2021 жылдың жазғы кезеңінде су айдындарында халықты дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

 

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі