Қала және аудан әкімдері ауысты

Қала және аудан әкімдері ауысты

Бүгін қалалар мен аудандар мәслихаттарының депутаттарымен келісе отырып, облыс әкімі А.Мұхамбетовтың өкімімен кадрлық өзгерістер орын алды.

         Мәселен, Арқалық қаласының әкімі болып Асанов Әмірхан Біркенұлы, Лисаков қаласының әкімі Ыбыраев Абай Сәрсембайұлы тағайындалды. Одан әрі Амангелді ауданының әкімі Карбозов Талғат Тойшыбекұлы, Жітіқара ауданының әкімі Утегенов Нұржан Қайыржанұлы, Қарабалық ауданының әкімі Халықов Руслан Болатұлы, Науырзым ауданының әкімі Әбішев Қайрат Тынымбайұлы болды.

         Архимед Мұхамбетов жаңа әкімдердің алдына өңірлерді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде бірқатар міндеттер қойды.

 

Қостана облысы әкімінің баспасөз қызметі