Қостанай облысының әкімі А. Б. Мұхамбетовтың халыққа есеп беру кездесуі

Қостанай облысының әкімі А. Б. Мұхамбетовтың халыққа есеп беру кездесуі

 

2021 жылғы 17 ақпанда сағат 15.00-де Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66 мекенжайы бойынша орналасқан Қостанай облысы әкімдігінің ғимаратында онлайн режимінде Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің халыққа қорытынды есеп беру кездесуі өтеді.

Есеп беру кездесуінің онлайн көрсетілімі Instagram, YouTube әлеуметтік желілерінде, Қостанай облысы әкімінің ресми интернет-ресурсында және «Алау» телеарнасында өткізілетін болады.

Есеп беру кездесуін өткізу күні сұрақтар мен ұсыныстарды колл-орталықтың 8(7142) 542550 нөмірі бойынша және Zoom қолданбасы арқылы қоюға болады.

Сонымен қатар, есеп беру кездесуіне дайындық шеңберінде облыс әкімінің блогына – blogs.egov.kz, облыс әкімінің Instagram-дағы жеке аккаунтына, 8 (7142) 575-057 телефоны және 917 нөмірі арқылы смс-орталығында облыс тұрғындарынан сұрақтар қабылдау жүзеге асырылып жатыр. Сұрақтар мен ұсыныстар ағымдағы жылдың 10 ақпанына дейін қабылданатын болады. Сондай-ақ оларды «есеп беру кездесуіне» деген белгімен жазбаша түрде мына мекенжайға жіберуге болады: 110001, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66.