Облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесуін өткізу аясында азаматтарды қабылдау туралы хабарландыру

Облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесуін өткізу аясында азаматтарды қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы                               5 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2021 жылғы 17 ақпанда Қостанай облысының әкімі                                А.Б. Мұхамбетовтің халық алдында есеп беру кездесуі өтеді, оның шеңберінде азаматтарды жеке қабылдау өткізу көзделген.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.

Өтініштерді қабылдау 2021 жылғы 25 қаңтар 5 ақпан аралығында жүзеге асырылады.

Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны 575-084 телефоны бойынша алуға болады.