Хабарландыру

Хабарландыру

2021 жылғы 17 ақпанда сағат 15.00-де Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66 мекенжайы бойынша орналасқан Қостанай облысы әкімдігінің ғимаратында бейнеконференцбайланыс арқылы Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің халыққа қорытынды есеп беру кездесуі өтеді.

        Есеп беру  кездесуіне дайындық шеңберінде облыс тұрғындарынан сұрақтар қабылдау жүзеге асырылады. Сұрақтар мен ұсыныстар ағымдағы жылдың 10 ақпанына дейін облыс әкімінің блогына – blogs.egov.kz, облыс әкімінің Instagram-дағы жеке аккаунтына, 8 (7142) 575-057 телефоны және 917 ұялы телефон номірі арқылы қабылданатын болады.  Сондай-ақ оларды «есеп беру кездесуіне» деген белгімен жазбаша түрде мына мекенжайға жіберуге болады: 110001, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66.