Қостанай қаласының 25 білім беру объектісіне жөндеу жүргізілді

Қостанай қаласының 25 білім беру объектісіне жөндеу жүргізілді

Облыс орталығындағы білім беру объектілерін жөндеуге жалпы сомасы 3,5 млрд.теңге жұмсалды, оның ішінде жалпы сомасы 3,1 млрд. теңгеге 7 күрделі жөндеу жүргізілді.

Бұл білім беру саласының 1,7 мыңға жуық қызметкерінің еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік берді, сондай-ақ 21,4 мыңнан астам баланы оқытуға сапалы жағдай жасалды.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының білім беру объектілерін аралап, 2020 жылғы күрделі жөндеу жұмыстарының қорытындысымен танысты.

Осылайша, №17 орта мектепте күрделі жөндеу жүргізілді, оның нәтижесінде 1480 оқушыны оқыту жағдайы және 106 педагогтың еңбегі жақсарған.

Мектептегі асхана, спорт және мәжіліс залдары, кітапхана толығымен жөнделіп, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді, ал оқу кабинеттерінде оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалды.

3-ші тоқсанның басында коронавирустық инфекция пандемиясының таралуы жағдайында мектепте 1-5 сыныптардың 32 кезекші тобы оқиды, ал 9 және 11-сынып оқушылары аралас форматта оқуға кірісті, қалған параллельдер үшін қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды.

«Біздің балаларымызға осындай керемет жағдайлар жасалғаны өте маңызды, кабинеттерде интерактивті жабдықтар мен жаңа жиһаздар бар, бұл оқушыларды бірден тәртіпке келтіреді, оларды туған мектебін сақтауға және сүюге үйретеді. Менің бірінші сынып оқушыларым кезекші топтың сабақтарына қуана барады» - деп атап өтті бастауыш сынып мұғалімі Роза Зейнекина.

4-сынып оқушысының анасы Валентина Позднякова балалардың оқуға жаңа ынтасы болатынына, ал мектеп ұзақ уақыт бойы сондай жарқын және жаңа болып қалатынына сенімді.

Сонымен қатар, өңір басшысы №27 балабақшадасында болып қайтты. Енді бөбекжайдың 300 тәрбиеленушісі мен 72 қызметкері үшін заманауи, қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасалған.

Ғимаратта балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған жеке бассейн, жеке спорт және музыка залдары бар. Жайлы жатын бөлмелер, жарқын және ыңғайлы топтар, оқу жабдықтары - барлығы сапалы мектепке дейінгі білім алуға бағытталған.

Бөбекжай- бақшасының тәрбиешісі Мария Хмара бөлмелер мен кабинеттерді түбегейлі өзгерткеннен кейін жаңа туындылар жасап, жаңа биіктерге жетіп, балалармен жұмыс жасаудан одан да көп қанағаттанатынын айтады.

Ата-аналар қауымдастығы да қуанышын жасырмай отыр.

«Біз бұрын да өзіміздің бақшамызды жақсы көретінбіз, бірақ жөндеуден кейін, ғимараттың өзі әдемі болғанына мен балабақшаларға назар аударылғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Өзінің футбол алаңы, жаңа верандалары, ойын алаңдары пайда болды. Ата-ана ретінде мен екі есе қуанып отырмын, өйткені сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған, осы жерден алған алғашқы білімдерімен біздің балалар мектепке барады» - деді екі тәрбиеленушінің анасы Динара Мұртазенова.

 

Мысалы, облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес мектептерде карантиндік шараларды жеңілдету жұмыс істейді. Атап айтқанда, 495 мектептің       381-і дәстүрлі режимде жұмыс істейді, онда 30,7 мың оқушы немесе 28% білім алады.

Қалған мектептерде кезекші сыныптар ұйымдастырылды, 1-5 сыныптарда (31133 бала).

Бітіруші 9 және 11 сыныптар үшін оқыту аралас форматта ұйымдастырылған: пәндердің 70% - ы әдеттегі, 30% - ы қашықтықтан.

Қашықтықтан оқытуда 114 мектеп 38,5 мыңға жуық немесе 34% оқушыны қамти отырып, жұмысын жалғастыруда.

Сонымен қатар, барлық колледждерде 1 курс студенттері дәстүрлі режимде оқуды бастайды, бұл 7000 адамды құрайды.

 Облыста мұғалімдер мен оқушылардың коронавирустық инфекциямен ауыруына жол бермеу бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқанын айта кету керек.

Мектептерде барлық санитарлық нормаларды сақтау үшін барынша жағдай жасалған. Барлық қажетті дезинфекциялық құралдарды сатып алуға бюджеттен 375 млн.теңге бөлінді. Барлық білім беру объектілерінің кемінде 3 айлық қоры бар, қажет болған жағдайда қосымша қаражат бөлінетін болады.

 

 

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото Бердіболат Көркембаев