Мереке қарсаңында Қостанай облысының әкімі отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар ауылының тәрбиеленушілерін де назардан тыс қалдырған жоқ.

Мереке қарсаңында Қостанай облысының әкімі отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар ауылының тәрбиеленушілерін де назардан тыс қалдырған жоқ.

Жаңа жыл-балалардың көптен күткен мерекесі. Мереке қарсаңында Қостанай облысының әкімі отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар ауылының тәрбиеленушілерін де назардан тыс қалдырған жоқ.

Өңір басшысы Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов атынан «Жанұя» тәрбиеленушілеріне 20 шана берілді, бұл мерекеге керемет тосын сый болды. Сыйлықтар алда келе жатқан балалардың қысқы демалысына жақсы болды.

Отбасылық үлгісіндегі «Жанұя» балалар ауылының  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатынан 45 баласы 7 үйден өз үйін тапты.

«Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын, ол жақсылық әкелсін. Ешкім ауырмасын және бәрі бақытты болсын! Осындай керемет сыйлықтар жасап, әрқашан бізге қамқор болғандарыңыз үшін үлкен рахмет! Біз сырғанауды өте жақсы көреміз!»- дейді «Жанұя» тәрбиеленушісі Лаура Фирсова.

Балалар ауылының директоры Айнаш Мұсабайқызы Жақанова: «Біз өскелең ұрпаққа көңіл бөліп, қамқорлық жасағандары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Өтіп бара жатқан жыл біз үшін жемісті болды: біздің балаларымыз өңірлік және республикалық онлайн конкурстар мен жарыстарға қатысты. Келесі жылы да оқудағы және спорттағы жетістіктермен қуантатын боламыз деп үміттенеміз!»-деп  құттықтау және алғыс сөздерін білдірді.