Қостанай қаласының жаңа бокс мектебінде «былғары қолғап шеберлері» дайындалады

Қостанай қаласының жаңа бокс мектебінде «былғары қолғап шеберлері» дайындалады

Қостанайда еліміздегі ең мықты бокс мектебінің дәстүрі қайта жаңғыруда. Оның негізін Эрик Хакимов, Александр Мирошниченко, Берік Жаманқұлов, Иван Дычко және Василий Левит сияқты атақты спортшылар қалады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қостанай қаласында ашылған бокс мектебі жаңа буын чемпиондарын тәрбиелейтіні сөзсіз.

Салтанатты рәсімге Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, сондай-ақ бокс ардагерлері мен жаттықтырушылары және олардың қамқорлығындағылар қатысты.

Бокс мектебінің құрылысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілді.

Спорт ғимаратының қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған жаттығу және жарыс аймақтары бар.

Қостанай облысының әкімі аталған нысанның облыс спортшыларын даярлаудағы, соның ішінде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытудағы маңыздылығын атап өтті.

«Бокстан мамандандырылған залдың ашылуы спортшыларды дайындауға қосымша мүмкіндік береді, мұнда 200-ден астам бала мен жасөспірім айналыса алады», - деді Архимед Мұхамбетов.

Ашылу салтанатына әйелдер арасында бокстан жақында аяқталған ҚР Чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері–Надежда Рябец, Владислав Кухта және Жанна Серикова қатысты.

Аймақ басшысы спортшыларға естелік сыйлықтар табыстады, ал Надежда Рябец Архимед Мұхамбетовтің қолынан Қостанай қаласында 2 бөлмелі пәтер алуға сертификат алды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында Надежда Рябец Токиода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алып, әйелдер боксында ел намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, бокс мектебімен қатар, жақын арада облыс орталығында шаңғы базасы іске қосылады, ал келесі жылы 2500 орындық Мұз сарайы мен 50 метрлік жүзу бассейні пайдалануға беріледі.

 

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото Бердіболат Көркембаев