Қостанай облысының әкімдігінде ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстан-түрік ынтымақтастығының мәселелері талқыланды

Қостанай облысының әкімдігінде ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстан-түрік ынтымақтастығының мәселелері талқыланды

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов «Dervisoglu Group» түрік компаниясының өкілдерімен кездесті.

Компания органикалық өнімдерді өсіру, өңдеу және экспорттау жобаларын жүзеге асыруға маманданған және Стамбул өнеркәсіптік палатасының ТОП-500 өнеркәсіптік кәсіпорындарының көшбасшыларының бірі болып табылады.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы органикалық өнімдерін өндіру саласында әлеуетті ынтымақтастықты жолға қою туралы келіссөздер жүргізілді.

Сондай-ақ, сапар аясында шетелдік қонақтар «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдерімен бірге Федоров ауданына барып, жергілікті әкімшілікпен және органикалық өнім өндірумен айналысатын кәсіпорындармен кездесу өткізді. 

Осындай кәсіпорындардың қызметімен танысу мақсатында делегация  «Успеновское» шаруа қожалығына барды.

 

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі