
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы және Қостанай облысы әкімінің аппараты ұйымдастырды.
Турнир 2025–2027 жылдарға арналған мемлекеттік қызметшілердің «Адал азамат» идеалдарына сәйкес кәсіби және тұлғалық қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында өткізілді.
Іс-шараға Қостанай облысының жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдарынан 16 команда қатысты.
Заманауи мемлекеттік қызметші – ақпаратты талдай алатын, өз ұстанымын дәлелді түрде білдіретін және тиімді шешімдер таба алатын спикер.
Турнир қорытындысы бойынша үш жүлделі орын сарапқа салынып, сондай-ақ турнирдің үздік спикері арнайы марапатпен атап өтілді.
Турнирдің жеңімпазы – Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының бірлескен командасы. Команда құрамында Искакова Диана және Қайыпбаев Дарын өнер көрсетті.
Құрметті екінші орынды Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қостанай облысы бойынша департаментінің командасы иеленді. Команда құрамында Мағажанова Римма және Сәрсенбаева Гүлсимхан болды.
Үшінші орынға Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері Айтмағамбет Азамат пен Қалдыбаева Гүлнара ие болды.
Турнир қорытындысы бойынша Искакова Диана «Үздік спикер» номинациясымен марапатталды.
Турнирде төрешілік қызметті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Ахмет Ұрпақтары» дебат клубының мүшелері жүзеге асырды. Төрешілер алқасына клуб президенті Сабина Атипелева төрағалық етті.
Әр команда тек білімдерін ғана емес, сонымен қатар командалық жұмыс істеу қабілетін, қарсыластарының уәждеріне жедел жауап беру және өз ұстанымын қорғау шеберлігін көрсетті.
Қорытынды нәтижеге қарамастан, әрбір қатысушы көпшілік алдында сөз сөйлеу, пікірталас жүргізу және сындарлы диалог құру бойынша қажетті дағдылар мен тәжірибе жинақтады.