Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетовтің Алтынсарин ауданына жұмыс сапарымен бару БАСПАСӨЗ –РЕЛИЗІ

Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетовтің Алтынсарин ауданына жұмыс сапарымен бару БАСПАСӨЗ –РЕЛИЗІ

2020 жылдың 1 желтоқсанында Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов жұмыс сапарымен Алтынсарин ауданына барды.

Облыс әкімі жұмыс сапарын ағымдағы жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен Орталық стадионды аралаудан бастады. Құрылыс барысында әкімшілік-тұрмыстық ғимаратқа қайта жаңарту жүргізілді, футбол алаңының жасанды жабыны дренаждық жүйемен төселді, жүгіру жолын орнату және резеңке жабындысы бар ойын алаңдары орнатылды, стадионның қоршауы қойылды, тротуар брусчаткасы төселді, жарықтандыру діңгектері, 748 орындық трибуналар орнатылды. Жылыту жүйесі салынды, аумақ абаттандырылды.

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 533 млн.829 мың теңге бөлінді.

Сондай-ақ, биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілген Большая Чураков орта мектебіне барды. Ғимарат 1969 жылы салынды, соңғы жөндеу жұмыстары 2006 жылы жүргізілді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарына келісім-шарт сомасы 221 млн 584 мың теңгені құрады.

Облыс әкімі Силантьевка мен Обаған ауылдары арасындағы жаяу жүргіншілер өткелін аралап көрді, бұл мәселе жыл басында тұрғындар алдындағы есептік кездесуде көтерілді. Бүгінгі күні есептік кездесу барысында берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде жаяу жүргіншілер өткелін абаттандыру бойынша барлық жұмыстар толығымен аяқталды, көшені жарықтандыру орнатылды.

Аталған құрылыс-монтаж жұмыстарына 88 млн. теңге бөлінді.

Сапар соңында облыс әкімі Докучаево ауылының сумен жабдықтау желілерін қарап шықты.

«Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында 665,8 млн.теңгеге су құбыры құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда, Алтынсарин ауданы бойынша ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде жалпы сметалық құны 3,5 млрд.теңге болатын 4 жоба іске асырылды, нәтижесінде аудан бойынша алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтауға 5 ауыл (Докучаевка, Шоқай, Красный Кардон, Сатай, Новоалексеевка) немесе 3,3 мың адам қосылды.

Ауыл халқы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу 55,4%-дан 79,7%-ға дейін, ауылдар бойынша 44%-дан 64%-ға дейін ұлғайды.

Сондай-ақ Докучаево ауылында бөгетті жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстарды тексерді. Жұмыстар ЖҚЖК аясында 68,8 млн. теңге сомасына жүргізілді. Бұл бөгет ауыл шаруашылығы мұқтаждықтарына арналған, сондай-ақ Свердловка және Шоқай ауылдарының ойпатындағы су тасқыны қаупінен қорғайды.

Аймақ басшысы сапар қорытындысы бойынша, аудан әкімі Е.А. Жамановқа өңір азаматтарының әл-ауқатын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.