Алмас Жұмағали – VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері!

Алмас Жұмағали – VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері!

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғыз күресінен +100 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болған жерлесіміз Алмас Жұмағалиді жоғары жетістігімен құттықтады.

Алмас Жұмағали – ұлттық спортымызды дамытуға өз үлесін қосып, бозкілемде талай мәрте жеңіске жетіп жүрген балуан. «Қазақстан барысы» республикалық турниріне бірнеше рет қатысып, Қостанай облысының намысын қорғап келеді.

«Бұл жолғы халықаралық аренадағы жүлде – спортшының табандылығы мен қажырлы еңбегінің, сондай-ақ бапкерлерінің, жерлестердің қолдауы және сенімінің жемісі. Алмасқа алдағы жарыстарда толағай табыс пен жеңістер тілеймін!», – деді аймақ басшысы өз құттықтауында.