Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Қостанай ауданына барып, жаңадан бой көтеріп жатқан сүт-тауарлы фермаларының жұмысын тексерді.
«Ел Президенті үш жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңделген өнім үлесін 70%-ке дейін ұлғайту міндетін қойды. Ауыл тұрғындарын жыл бойы жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, өндіріс көлемін арттыру үшін мемлекет инвестициялық бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуде», – деді облыс әкімі.
Былтыр облыста қуаттылығы 46 мың тонна болатын 7 заманауи өнеркәсіптік сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта жалпы қуаттылығы 34 мың тонна болатын тағы осындай 6 ферма салынуда. Оның 5-еуі биыл іске қосылады, ал жыл соңына дейін тағы 4 ферманың құрылысы басталады.
Биылғы жылдың соңына дейін Қостанай ауданында 1000 және 400 басқа арналған екі сүт-тауар фермасы пайдалануға беріледі:
«Барлық сүт-тауар фермалары жобалық қуатына шыққаннан кейін ұйымдасқан шаруашылықтардағы сүт өндірісі 2 есеге артады. Сонымен қатар, сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 75%-дан 86%-ға дейін ұлғаяды. Қостанай ауданында аталған екі сүт-тауар фермасының іске қосылуы нәтижесінде кәсіпорындар жобалық қуатына жеткен кезде жылдық сүт өндірісі 32 мың тоннадан 44 мың тоннаға дейін артады», – деп атап өтті аймақ басшысы.