
2026 жылғы 18 маусымда облыс әкімінің төрағалығымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың отырысы өтті. Қатысушылар кәмелетке толмағандар арасында есірткіге қарсы жұмыстың тиімділігін арттыру және өткізу пункттерінде бақылауды күшейту мәселелерін қарастырды.
Өңірде 40-тан астам іс-шара өткізілді, 1600 ақпараттық материал шығарылды, «Есірткісіз болашақ» форумы ұйымдастырылды, «Досым» Telegram-боты жұмыс істейді.
Соңғы екі жылда оң динамика байқалады, наркологиялық есепте тұрған кәмелетке толмағандар саны нөлге дейін төмендеді, биыл жасөспірімдерді есірткі қылмыстарына тарту фактілері тіркелген жоқ.
Жасөспірімдерде есірткіге төзбеушілік пен салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыруға назар аудара отырып, басталған жұмысты жалғастыру, қиын жасөспірімдермен атаулы жұмыс жүргізу, білім беру ұйымдарымен және спорт қоғамдастығымен өзара іс-қимылды күшейту тапсырылды.
Мемлекеттік шекарадан өтетін есірткі трафигі арналарының жолын кесу мақсатында өткізу пункттерін техникалық жарақтандыру мәселесі егжей-тегжейлі талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға, тәуекел тобындағы жасөспірімдермен атаулы жұмыс жүргізуге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жетілдіруге бағытталған тапсырмалар берілді.