Қостанай облысының әкімдігі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды қайта әлеуметтендіру және қайталама қылмыстың алдын алуды күшейту жөніндегі шаралар, сондай-ақ мал ұрлығына байланысты мәселелерді талқылады

Қостанай облысының әкімдігі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды қайта әлеуметтендіру және қайталама қылмыстың алдын алуды күшейту жөніндегі шаралар, сондай-ақ мал ұрлығына байланысты мәселелерді талқылады

Облыс әкімінің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі алдын алу жұмыстарын үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюктің, мемлекеттік органдар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста екі мәселе, қайталанған қылмыстың алдын алу және бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды қайта әлеуметтендіру, сондай-ақ мал ұрлығына қарсы іс-қимыл және ауыл шаруашылығы жануарларын бақылаусыз жаюдың алдын алу мәселелері қаралды.

Бірінші мәселе бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға азаматтардың осы санатын атаулы сүйемелдеуді қамтамасыз ету, олардың жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту тапсырылды.

Екінші мәселе бойынша жергілікті жерлерде профилактикалық жұмысты күшейту, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру және жол жүрісі қауіпсіздігіне, ауыл шаруашылығы алқаптарының сақталуына және қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін малдың бақылаусыз жайылуына жол бермеу жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігі көрсетілген.

Отырыс қорытындысы бойынша одан әрі ведомствоаралық жұмыстың басым бағыттары айқындалды, құқық бұзушылықтар профилактикасының тиімділігін арттыруға және мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді күшейтуге бағытталған қосымша шаралар әзірленді.