Архимед Мұхамбетов Ұзынкөл ауданының жаңа әкімін тағайындады

Архимед Мұхамбетов Ұзынкөл ауданының жаңа әкімін тағайындады

Бұрын Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған Сандыбаев Мұрат Міртайұлы тағайындалды.

Мұрат Сандыбаев 1988 жылы 15 желтоқсанда Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар. 

Еңбек жолы

04.08.2010

31.12.2012

Қостанай облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің компьютерлік қамтамасыз ету жөніндегі маманы

03.01.2013

28.01.2013

Қостанай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімі бас маманының міндетін атқарушы

29.01.2013

10.03.2015

Қостанай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы

 

11.03.2015

28.06.2015

Қостанай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы

 

29.06.2015

08.09.2015

Қостанай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі

 

09.09.2015

14.09.2015

Қостанай облысы әкімінің көмекшісі

15.09.2015

04.11.2015

Қостанай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі

 

05.11.2015

25.10.2016

Қостанай облысы әкімінің көмекшісі

 

26.10.2016

09.04.2018

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің орынбасары

 

10.04.2018

18.11.2020

Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары

18.11.2020

Осы уақытқа дейін

Ұзынкөл ауданының әкімі

Бұрын Ұзынкөл ауданының әкімі қызметін атқарған Талғатбек Дайыров өз еркімен қызметінен босатылды.

 

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото Бердіболат Ғабдуллин, Сергей Миронов